"Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының N 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 сәуірде N 13-1-116 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-І Заңының 97 бабына 2 тармағына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" N 6 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінде:
      3 тармағында:
      "Петропавл қаласының тұрғындары үшін 20 %, Кожзавод пен Заречный кенттері үшін 15 % мөлшерінде" бірінші абзацтағы сөздері "Петропавл қаласының тұрғындары үшін 15 %, Кожзавод пен Заречный кенттерінің тұрғындары үшін 10 % мөлшерінде" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Қалалық мәслихаты              Қалалық
      сессиясының төрағасы           мәслихатының хатшысы