Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің атауын өзгерту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі және мәслихаты 2008 жылғы 5 маусымдағы N 159 қаулысы қабылдады. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 9 шілдеде N 1679 тіркелді.

Қолданыстағы

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық орналасуы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті елді мекендер тұрғындарының пікірлерін есепке ала отырып, Айыртау, Ақжар, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Уәлиханов, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдерінің ұсынысы бойынша, облыстық ономастикалық комиссияның 2007 жылғы 21 қарашадағы оң шешімінің негізінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Келесі елді мекендердің атауы өзгертілсін:
      Айыртау ауданы бойынша:
      Қамсақты селолық округіндегі Қызыләскер с.Құмтөккен ауылына, Лобанов селолық округіндегі Альжанка селосы Әлжан ауылына;
      Ақжар ауданы бойынша:
      Ұялы селолық округіндегі Найдорф селосы Ақсары ауылына;
      Жамбыл ауданы бойынша:
      Пресноредутск селолық округіндегі Западное селосы Нұрымбет аулына;
      Ғабит Мүсірепов ауданы бойынша:
      Көкалажар селолық округіндегі Гавриловка селосы Көкалажар ауылына;
      Шал ақын ауданы бойынша:
      Аютас селолық округіндегі Чапаевское селосы Мерген ауылына; Октябрь селолық округіндегі Октябрьское селосы Ұзынжар ауылына;
      Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша:
      Фурманов селолық округіндегі Фурмановка селосы Бәйтерек ауылына;
      Уәлиханов ауданы бойынша:
      Ақтуесай селолық округінің Чернигов селосы Қондыбай ауылына.

      2. Осы қаулы мен шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                            С. Билялов

      Облыстық мәслихаттың
      ҮІІ сессиясының төрағасы                А. Курленя