IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясының 2007 жылғы 11 қазандағы N 16 "Арнайы қалалық жәрдемақы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІІІ сессиясының 2008 жылғы 6 наурыздағы N 87 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 1 сәуірде N 773 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 7 бабы 1 тармағына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясының 2007 жылғы 11 қазандағы "Арнайы қалалық жәрдемақы туралы" N 16 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 757 рет санымен тіркеліп, 2007 жылғы 16 және 18 қазанда "Алматы ақшамы" газетінің 125, 126 нөмірлерінде, 2007 жылғы 16 және 18 қазанда "Вечерний Алматы" газетінің 260, 261 нөмірлерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      4 тармақта "ағымдағы ай үшін төленеді" сөздерінен кейін "және жәрдемақы алушының қайтыс болған кездегі айы қоса есептеледі." сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Б.Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Ш. Мұқашевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім Алматы қаласы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты VIII сессиясының
      төрағасы                                   А. Саматдин

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Т. Мұқашев