Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 желтоқсандағы N 8/1573 "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы N 1/44 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 14 ақпанда N 769 тіркелді

Қолданыстағы

      IV сайланған Алматы қалалық мәслихатының VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 42 "Алматы қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2006 жылғы 30 желтоқсандағы N 8/1573 қаулысына (N 732 мемлекеттік құқықтық нормативтік актілер Тізілімінде тіркеліп, 10 ақпан 2007 жылғы "Алматы Ақшамы" газетінде N 17 және 27 қаңтар 2007 жылы "Вечерний Алматы" газетінде N 20 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      4-тармақтағы "бір жарым" деген сөзі "екі" деген сөзге ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Алматы қаласының
      әкімі                                      И. Тасмағамбетов