Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 359 бұйрығына сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан, жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттерге, жетім студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына (2007 жылғы 18 маусымда Павлодар облысы әділет басқармасының тізілімінде N 2621 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 6 шілдедегі N 78 "Звезда Прииртышья газетінде, 2004 жылғы 8 шілдедегі N 80 "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармағындағы "60" деген сандар "45" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
3-тармақтағы "60" деген сандар "45" деген сандармен ауыстырылсын.
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамына мыналар:
Берковский |
- облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, Комиссия мүшесі |
Марданова |
- облыс білім беру департаменті директорының міндетін атқарушысы, Комиссия мүшесі |
Тышымханова |
- Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры (келісім бойынша), Комиссия мүшесі |
Проказова |
- облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің бастығы, Комиссия хатшысы болып енгізілсін. |
Тышқанова Нұржамал Сағадатқызы, Кәрімжанов Бахриден Сарбасұлы, Нухұлы Алтынбек, Мүлкатиханова Мунира Болатқызы, Нетребский Николай Архипович Комиссия құрамынан шығарылсын;
көрсетілген қаулының, Ереженің, Комиссия ережесінің барлық мәтіні бойынша "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен" деген сөздер тиісінше "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына", "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Облыс әкімі Қ. Нұрпейісов