2008-2009 жылдарға арналған қоғамдық-пайдалы жұмыстардың түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 124 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 29 сәуірдегі № 9-8-94 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 42 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2008-2009 жылдарға арналған қоғамдық-пайдалы жұмыстардың түрлер тізбесі бекітілсін.
      2. Селолар мен селолық округтерінің әкімдері сотталғандардың мекен-жайы бойынша оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық-пайдалы жұмыстарға тарту үшін объектілер белгілесін.
      3. Осы қаулының орындалуы бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары С.И. Досмұхамедовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Әкімдіктің 2006 жылғы 5 қазандағы № 325 "Сотталғандар үшін қоғамдық-пайдалы жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Денисов ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 1 қарашада № 9-8-49 болып тіркелген, аудандық "Наше время" газетінде 2006 жылғы 16 ақпандағы 7 санында жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.

      Денисов ауданының әкімі                    А. Кушнир

Әкімдіктің                  
2008 жылғы 22 сәуірде № 124 
қаулысымен бекітілген       

2008-2009 жылдарға
арналған қоғамдық-пайдалы жұмыстардың
түрлер тізбесі

      1. Тұрмыстық қалдықтарды шығару;
      2. Аумақты мұздан тазалау;
      3. Аумақты қардан тазалау;
      4. Аумақты күл-қоқыстан тазалау;
      5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау;
      6. Аумақты арамшөптен тазалау;
      7. Қоқысты жинау және шығару;
      8. Бұтақшаларды кесу;
      9. Ағаштарды шырпу;
      10. Ағаштарды әктеу;
      11. Ағаштар егу;
      12. Қоршауларды жөндеу;
      13. Қоршауларды сырлау;
      14. Ғимараттарды әктеу;
      15. Ғимараттарды сырлау;
      16. Гүлзарларды құру;
      17. Көғалдарды қазу;
      18. Шөп шабу;
      19. Күл-қоқысты жинау және жағу.