Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29а. Қостанай облысы Арқалық қаласыны Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 наурызда № 9-3-80 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабы 3 тармағын және 18 бабының 2 тармағын орындау жолында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Әкімдіктің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 13 "2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін келісім туралы" қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Арқалық қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы  
№ 29а қаулысына қосымша   

Қаланың бюджет қаражаты есебінен
жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) әлеуметтік қамтамасыз ету қызметкері.

      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) директоры;
      2) оқу бөліміндегі директор орынбасары;
      3) тәрбие бөліміндегі директор орынбасары;
      4) оқытушы;
      5) оқытушы-психолог;
      6) қосымша білім беру педагогы;
      7) әлеуметтік педагогы;
      8) алғашқы әскери даярлық басшысы;
      9) кітапхана меңгерушісі;
      10) кітапханашы;
      11) аға жетекші;
      12) дайындаушы сыныптарының тәрбиеші;
      13) шағын-орталық тәрбиеші;
      14) музыкалық шағын-орталық жетекші;
      15) лаборант;
      16) медициналық бике;
      17) шағын-орталық медициналық бике;
      18) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      19) методист;
      20) бала-бақша жетекшісі;

      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) библиограф;
      2) кітапханашы;
      3) абонемент залының кітапханашысы;
      4) методист;
      5) ауыл клубының жетекшісі;
      6) мәдениеұйымдастырушы;
      7) музыкалық жетекші
      8) сурет жетекшісі.