"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 11-баптарына сәйкес, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Барлық тұрғындардың көшіп кетуіне және қоныс аударуына байланысты мынадай елді мекендер таратылсын және Қостанай облысының есептік деректерінен алынып тасталсын:
Қамысты ауданы Дружба селолық округінің Ақбай селосы,
Қамысты ауданы Бестау селолық округінің Шөптікөл селосы.
2. Дружба селолық округі Қамысты ауданының Дружба селосы,
Бестау селолық округі Қамысты ауданының Аралкөл селосы болып қайта құрылсын.
Ескерту. 2-тармақ редакцияда - Қостанай облысы әкімдігі мен Қостанай облысы мәслихатының 2008.11.05 N 132/11 бр бірлескен қаулысы мен шешімі.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессияның төрағасы А. Жалғасов
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы Ғ. Сағиев
Қостанай
облысының әкімі С. Кулагин
Әкімдік мүшелері:
КЕЛІСІЛДІ: