Объектілердің құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдаланудың тәртібін белгілеу туралы

Қостанай облысының әкімдігінің 2008 жылғы 02 қыркүйектегі N 425 қаулысы. Қостанай облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 18 қыркүйекте N 3653 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Су  кодексінің  116-бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»Қазақстан Республикасы  Заңының  27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42  қаулысына  сәйкес Қостанай облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Объектілердің құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі 1-қосымшаға сай белгіленсін.

      2. Қостанай қаласы аумағындағы объектілердің құрылысына арналған телімде 2-қосымшаға сай су қорғау аймағы мен белдеуі аумағында арнайы шаруашылық пайдаланудың тәртібі Тобыл өзенінің су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметінің тәртібі белгіленсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі                                      С. Кулагин

      Әкімдік мүшелері:

       КЕЛІСІЛДІ

Әкімдіктің                 
2008 жылғы 02 қыркүйектегі 
N 425 қаулысына 1-қосымша  

Объектілердің құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің
су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу

р/с

Су объектісі, оның телімі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

шекараның ұзындығы,
(м)

шекараның ұзындығ,
(м)

шекараның ұзындығы,
(м)

шекараны қашық-тығ,
(м)

ауданы,
(га)

ені,
(м)

1.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, Речная көшесі, "Таун-Сай"» тұрғын кварталда  орналасқан ("Архитектурное Ателье "Дом"» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі)

303

22,86

783,9-721,5

303

3,03

100

2.

Тобыл өзені Қостанай қаласы , Речная көшесі, 6 орналасқан тұрғын үйі (Құрманов Р.А.)

30

1,62

540

30

0,3

100

3.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 17 кварталда орналасқан офисі және автокөліктерге арналған жабық тұрақ ("Қостанайтехпроект" жауапкершілігі шектуелі  серіктестігі)

31,50

1,83

543-621,5

31,50

0,31

100

4.

Тобыл өзені Қостанай қаласының   Ярослав Гашек көшесінде орналасқан  шаңғы және су туризмі үшін  базасы ("Қостанай  облысының "Эребуни" Армян қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі)

110

2,695

230-290

110

1,312

80-110

5.

Тобыл өзені Қостанай қаласының Ярослав Гашек  көшесінде орналасқан шаңғы және су туризмі үшін базасы (жеке кәсіпкер С.К.Акопян)

164

4,572

140-230

164

1,312

80

6.

Тобыл өзені Қостанай қаласы  К?беев, 2 "А" көшесінде орналасқан  қайта құрылған және кеңейтілген  құрылыс тауары дүкені (жеке кәсіпкер Ахымбеков Д.М.)

21

1,35

645

21

0,21

100

7.

Тобыл өзені Қостанай қаласы, 4 шағын ауданда орналасқан жеке тұрғын үйлері(Рощин С.Ф. және Таранов Г.Г.)

68

2,742

420-474

68

0,68

100

Әкімдіктің         
2008 жылғы 02 қыркүйектегі 
N 425 қаулысына 2-қосымша  

Су қорғау аймағы аумағында арнайы шаруашылық пайдаланудың тәртібі және Қостанай қаласы аумағындағы объектілердің құрылысына арналған телімде Тобыл өзені
көленінің су қорғау белдеуі аумағындағы шектеулі шаруашылық қызметінің тәртібі

      1. Су қорғау аймағы шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаусыз жұмыс және қызмет көрсету аумақтарында шаруашылық қызметке және өндіріске;
      2) авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге;
      3) өсімдіктер мен арамшөптер зиянкестерімен күрестің химиялық құралдарын қолдануға;
      4) топырақты тыңайту үшін көң ағындыларын пайдалануға;
      5) улы химикат, минералдық тыңайтқыштар және жанармай материалдары қоймаларын, аппаратураны улы химикаттармен толтыру үшін алаңдарды, мал кешендері мен фермаларын, өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылық қалдықтарды жинау және көму жерлерін, мал қорымын, су ағындыларының жиынтығын орналастыруға;
      6) отын құюға, автомобильдерді, тракторларды және басқа машиналар мен механизмдерді жууға және жөндеуге;
      7) көлік құралдарының тұрақтарын орналастыруға, оның ішінде: саяжай және бақ өсіру телімдері аумақтарында;
      8) ғимараттарға, имараттарға, коммуникациялар мен басқа объектілерге қайта жаңғырту жүргізуге, сондай-ақ су қорын пайдалану және қорғау; қоршаған ортаны қорғау; жер ресурстарын басқару; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жайлылығы саласындағы жұмыстарды жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз жүргізуге;
      9) ағынды суларды, өнеркәсіптік және тағам қалдықтарын төгуге;
      10) су объектілерінде улы заттардың бөлінуімен жүретін жарылғыш жұмыстарды жүргізуге;
      11) қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды су объектілеріне тастауға және сонда көмуге;
      12) су объектісі мен мұз жамылғысының су жинау алабы алаңын шайылуы беткі және жер асты су объектілері сапасының нашарлауына апарып соғатын қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтармен және басқа қалдықтармен ластауға.
      2. Су қорғау аймағы үшін белгіленген шектеулерден басқа су қорғау белдеуі шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) малды жаюға, ағашты-бұталы өсімдіктерді кесуге;
      2) тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдануға;
      3) шатырлы қалаларды, тұрақты автомобиль тұрақтарын құруға;
      4) бас тоғанды, су реттеуіш, қорғағыш және басқа арнайы тағайындаудағы имараттардан басқа ғимараттар мен имараттардың құрылысына;
      5) су қоймаларының, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануының алдын алатын имараттар және қондырғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстағы объектілерді пайдалануға беруге.