Объектілердің құрылысына арналған телімде Амангелді су қоймасының Тобыл өзені және Безымянный көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдаланудың тәртібін белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 320 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 шілдеде № 3645 тіркелді.

Қолданыстағы

      Ескерту. Мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабының 2) тармақшасына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       1. Объектілердің құрылысына арналған телімде Амангелді су қоймасының Тобыл өзені және Безымянный көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі 1-қосымшаға сай белгіленсін.

      2. Қостанай қаласы және Қостанай ауданы аумағындағы объектілердің құрылысына арналған телімде 2-қосымшаға сай су қорғау аймағы мен белдеуі аумағында арнайы шаруашылық пайдаланудың тәртібі Амангелді су қоймасының Тобыл өзені және Безымянный көлінің су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметінің тәртібі белгіленсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

С. Кулагин


      Әкімдік мүшелері

      КЕЛІСІЛДІ

      Әкімдіктің

      2008 жылғы 5 маусымдағы

      N 320 қаулысына

      1-қосымша

Объектілердің құрылысына арналған телімде
Амангелді су қоймасының Тобыл өзені және Безымянный
көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу

р/с

Су объектісі,

оның телімі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

шекара

ның

ұзын

дығы,

(м)

шекара

ның

ұзын

дығы,

(м)

шекара

ның

ұзын

дығы,

(м)

шекара

ның

қашық

тығы,

(м)

ауданы, (га)

ені, (м)

1.

Тобыл өзені

Қостанай ауданы Мичурин ауылдық

округі аумағындағы тұрғын үйлері мен буфеті бар демалыс

базасы

385

38,5

1000

570

1,14

20

2.

Тобыл өзені

Қостанай ауданы Мичурин ауылдық

округі аумағындағы туристерге қызмет

көрсету үшін демалыс аймағы мен сервистік

қызметтер, жазғы кафе

220

5,72

200-

300

220

0,9

20-60

3.

Тобыл өзені

Қостанай ауданы

Қонай ауылы Дружба ауылдық

округі аумағындағы тұрғын үйлер және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу

1 телім -100

2 телім -100

1,2

1,65

120 130

100

100

1,0

1,0

100

100

4.

Тобыл өзені

Қостанай қаласының Ярослав Гашек

көшесі бойынша орналасқан офис, облыстық аурухана ауданы

33

1,02

304-

316

33

0,33

100

5.

Амангелді су бөгені

Қостанай ауданы Мичурин ауылдық

округі аумағындағы туристік коттедждік

қалашығы және гольф-алаңдарын орналастыру

1 телім

-600

2 телім -612

41,4

41,4

600-

880

600-

880

320

485

3,2

0,97

100

20

6.

Амангелді су

бөгені Қостанай ауданы Садовое ауылының оңтүстік

-батысына қарай Мичурин ауылдық

округі аумағында ұжымдық

радиостан

циясы мен антенна

лық алаңы бар туристік база

400

8,2

180

400

4,0

100

7.

Безымянное көлі

Қостанай ауданы Затобол ауылдық

округі аумағындағы сауықтыру-ойын-

сауық кешені

100

3,0

300

100

0,55

55


      Әкімдіктің

      2008 жылғы 5 маусымдағы

      N 320 қаулысына

      2-қосымша

Су қорғау аймағы аумағында арнайы шарушылық пайдаланудың тәртібі және Қостанай қаласы мен Қостанай ауданы аумағыдағы
объектілердің құрылысына арналған телімде Амангелді су
қоймасының Тобыл өзені және Безымянный көлінің су қорғау
белдеуі аумағындағы шектеулі шаруашылық қызметінің тәртібі

      1. Су қорғау аймағы шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаусыз жұмыс және қызмет көрсету аумақтарында шаруашылық қызметке және өндіріске;

      2) авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге;

      3) өсімдіктер мен арамшөптер зиянкестерімен күрестің химиялық құралдарын қолдануға;

      4) топырақты тыңайту үшін көң ағындыларын пайдалануға;

      5) улы химикат, минералдық тыңайтқыштар және жанармай материалдары қоймаларын, аппаратураны улы химикаттармен толтыру үшін алаңдарды, мал кешендері мен фермаларын, өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылық қалдықтарды жинау және көму жерлерін, мал қорымын, су ағындыларының жиынтығын орналастыруға;

      6) отын құюға, автомобильдерді, тракторларды және басқа машиналар мен механизмдерді жууға және жөндеуге;

      7) көлік құралдарының тұрақтарын орналастыруға, оның ішінде: саяжай және бақ өсіру телімдері аумақтарында;

      8) ғимараттарға, имараттарға, коммуникациялар мен басқа объектілерге қайта жаңғырту жүргізуге, сондай-ақ су қорын пайдалану және қорғау; қоршаған ортаны қорғау; жер ресурстарын басқару; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жайлылығы саласындағы жұмыстарды жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз жүргізуге;

      9) ағынды суларды, өнеркәсіптік және тағам қалдықтарын төгуге;

      10) су объектілерінде улы заттардың бөлінуімен жүретін жарылғыш жұмыстарды жүргізуге;

      11) қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды су объектілеріне тастауға және сонда көмуге;

      12) су объектісі мен мұз жамылғысының су жинау алабы алаңын шайылуы беткі және жер асты су объектілері сапасының нашарлауына апарып соғатын қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтармен және басқа қалдықтармен ластауға.

      2. Су қорғау аймағы үшін белгіленген шектеулерден басқа су қорғау белдеуі шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) малды жаюға, ағашты-бұталы өсімдіктерді кесуге;

      2) тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдануға;

      3) шатырлы қалаларды, тұрақты автомобиль тұрақтарын құруға;

      4) бас тоғанды, су реттеуіш, қорғағыш және басқа арнайы тағайындаудағы имараттардан басқа ғимараттар мен имараттардың құрылысына;

      5) су қоймаларының, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануының алдын алатын имараттар және қондырғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстағы объектілерді пайдалануға беруге.