Қостанай қаласы аумағындағы Воинов Интернационалистов көшесі бойында екі тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы N 319 қаулысы. Қостанай облысы әділет департаментінде 2008 жылғы 4 шілдеде N 3643 тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабының 2 -тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       1. Қостанай қаласы аумағындағы Воинов Интернационалистов көшесі бойында құрылысқа арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
      Су қорғау аймағының ені 326 метр, Тобыл өзені су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 126.46 метр, ұзындығы 67 метр. Су қорғау аймағының жалпы көлемі 2,18 гектарды құрайды.
      Су қорғау аймағы шегінде 67 метр ұзындықта оның барлық қашықтығында ені 100 метр су қорғау белдеуі бөлінген. Тобыл өзенінің су қорғау белдеуінің ішкі шекарасы судың көп жылдық сабалық деңгейінде кемер бойынша анықталған және 0,67 гектар су қорғау белдеуінің жалпы ауданымен 126,46 метр белгісіне сәйкес.
      Су қорғау аймағы мен белдеудің шекарасы топографиялық жоспарда 1:2000 масштабында салынған.
      2. Қосымшаға сай су қорғау аймағы аумағында арнайы шаруашылық пайдаланудың тәртібі және Қостанай қаласы Воинов Интернационалистов көшесі бойынша қоса салынған азық-түлік және өнеркәсіп тауарлар дүкені, шаштараз және жабық көтерілмелі жер асты тұрағы бар екі тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысының жер учаскесіне Тобыл өзенінің су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық пайдалану тәртібі белгіленсін.
      3. "Қостанай қаласы аумағындағы Воинов Интернационалистов көшесі бойынша қоса салынған азық-түлік және өнеркәсіп тауарлар дүкені, шаштараз және автомашиналар үшін жабық көтерілмелі жер асты тұрағы бар екі тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысының жер учаскесіне Тобыл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 168 қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап оң күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай
облысының әкімі
С. Кулагин

      Әкімдік мүшелері:
      КЕЛІСІЛДІ

  Әкімдіктің
2008 жылғы 5 маусымдағы
N 319 қаулысына қосымша

Су қорғау аймағы аумағында арнайы шаруашылық пайдаланудың
тәртібі және Қостанай Воинов Интернационалистов көшесі бойынша қоса салынған азық-түлік және өнеркәсіп тауарлар дүкені, шаштараз және жабық көтерілмелі жр асты тұрағы бар екі тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысының жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық пайдалану тәртібі

      1. Су қорғау аймағы шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаусыз жұмыс және қызмет көрсету аумақтарында шаруашылық қызметке және өндіріске;
      2) авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге;
      3) өсімдіктер мен арамшөптер зиянкестерімен күрестің химиялық құралдарын қолдануға;
      4) топырақты тыңайту үшін көң ағындыларын пайдалануға;
      5) улы химикат, минералдық тыңайтқыштар және жанармай минералдары қоймаларын, аппаратураны улы химикаттармен толтыру үшін алаңдарды, мал кешендері мен фермаларын, өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылық қалдықтарды жинау және көму жерлерін, мал қорымын, су ағындыларының жиынтығын орналастыруға;
      6) отын құюға, автомобильдерді, тракторларды және басқа машиналар мен механизмдерді жууға және жөндеуге;
      7) көлік құралдарының тұрақтарын орналастыруға, оның ішінде: саяжай және бақ өсіру телімдері аумақтарында;
      8) ғимараттарға, имараттарға, коммуникациялар мен басқа объектілерге қайта жаңғырту жүргізуге, сондай-ақ су қорын пайдалану және қорғау; қоршаған ортаны қорғау; жер ресурстарын басқару; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жайлылығы саласындағы жұмыстарды жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз жүргізуге;
      9) ағынды суларды, өнеркәсіптік және тағам қалдықтарын төгуге;
      10) су объектілерінде улы заттардың бөлінуімен жүретін жарылғыш жұмыстарды жүргізуге;
      11) қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды су объектілеріне тастауға және сонда көмуге;
      12) су объектісі мен мұз жамылғысының су жинау алабы алаңын шайылуы беткі және жер асты су объектілері сапасының нашарлауына апарып соғатын қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтармен және басқа қалдықтармен ластауға.
      2. Су қорғау аймағы үшін белгіленген шектеулерден басқа су қорғау белдеуі шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) малды жаюға, ағашты-бұталы өсімдіктерді кесуге;
      2) тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдануға;
      3) шатырлы қалаларды, тұрақты автомобиль тұрақтарын құруға;
      4) бас тоғанды, су реттеуіш, қорғағыш және басқа арнайы тағайындаудағы имараттардан басқа ғимараттар мен имараттардың құрылысына;
      5) су қоймаларының, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануының алдын алатын имараттар және қондырғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстағы объектілерді пайдалануға беруге.