Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 4 маусымдағы № 103 шешімі және Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № 9 қаулысы. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 23 маусымда № 3642 тіркелді 

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына, 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қостанай облысының Қостанай қаласы мен Қостанай ауданы әкімшілік шекараларының өзгерістері туралы" 2008 жылғы 31 мамырдағы № 533 қаулысына және Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасы туралы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімге сәйкес, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тұрғындар саны 50-ден кем мынадай селолар таратылсын және Қостанай облысының есептік деректерінен алынып тасталсын:
      Науырзым ауданы Дәмді селолық округінің Қарақұдық селосы,
      Науырзым ауданы Өлеңді селолық округінің Қарақұдық селосы,
      Науырзым ауданы Науырзым селолық округінің Октябрь селосы,
      Науырзым ауданы Науырзым селолық округінің Сарышығанақ селосы,
      Науырзым ауданы Өлеңді селолық округінің Урожайное селосы,
      Науырзым ауданы Өлеңді селолық округінің Шолаққопа селосы,
      Федоров ауданы Первомай селолық округінің Дружба селосы,
      Федоров ауданы Жаркөл селолық округінің Целинное селосы.
      2. Таратылған селолық елді мекендер мына селолардың құрамына енгізілсін:
      Қарақұдық селосы Науырзым ауданы Дәмді селолық округінің Дәмді селосының құрамына,
      Қарақұдық селосы Науырзым ауданы Өлеңді селолық округінің Өлеңді селосының құрамына,
      Октябрь селосы Науырзым ауданы Науырзым селолық округінің Қожа селосының құрамына,
      Сарышығанақ селосы Науырзым ауданы Науырзым селолық округінің Қожа селосының құрамына,
      Урожайное селосы Науырзым ауданы Өлеңді селолық округінің Өлеңді селосының құрамына,
      Шолаққопа селосы Науырзым ауданы Өлеңді селолық округінің Өлеңді селосының құрамына,
      Дружба селосы Федоров ауданы Первомай селолық округінің Первомай селосының құрамына,
      Целинное селосы Федоров ауданы Жаркөл селолық округінің Владкино селосының құрамына.
      3. Науырзым ауданының Дәмді селолық округі Дәмді ауылы;
      Науырзым ауданының Өлеңді селолық округі Өлеңді ауылы болып қайта құрылсын.
      4. Қостанай облысының есептік деректерінен мынадай селолар алынып тасталсын:
      Қостанай қаласының құрамына енгізілген Қостанай ауданы Дружба селолық округінің Дружба, Қонай, Ударник селолары;
      Ресей Федерациясының құрамына берілген Қарабалық ауданы Победа селолық округінің Огнеупорное селосы.
      5. Қостанай ауданының Дружба селолық округі Жданов селолық округі болып қайта аталсын. Жданов селолық округінің орталығы Жданов селосы болып айқындалып, округ құрамына Жданов, Аққабақ, Васильев, Киров, Семилетка селолары енгізілсін.
      6. Осы бірлескен шешім мен қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Кезектен тыс сессияның                  Қостанай облысының
      төрағасы, Қостанай облыстық             әкімі
      мәслихатының хатшысы