Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Қостанай облысы мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы 81/4 бр шешімі мен қаулысы. Қостанай облысы әділет департаментінде 2008 жылғы 16 сәуірде N 3632 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабына  сәйкес, Жітіқара ауданының өкілетті және атқарушы органдарының пікірін есепке ала отырып Қостанай облыстық мәслихаты  ШЕШТІ  және Қостанай облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жітіқара селолық округі таратылсын.

      2. Таратылған Жітіқара селолық округінің Қазірет және Тасыбай селолары олардың жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен Большевик селолық округіне қосылсын.

      3. Жалтыркөл селосы оның жер пайдалану шекарасы шегіндегі аумағымен Мүктікөл селолық округіне әкімшілік бағынысқа берілсін, округтің әкімшілік орталығы Жалтыркөл селосы болсын.

      4. Осы бірлескен шешім мен қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы

      Қостанай облысының әкімі

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы

      Әкімдік мүшелері: