"Әкімшілік рәсімдер туралы"»Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларына орай Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
Әкімдік мүшелері:
КЕЛІСІЛДІ
Әкімдіктің
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 128 қаулысымен бекітілген
"Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды
материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу, балаларды қоғамға бірігуге бағытталған әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету мақсатымен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
16-бабы
екінші азатжолы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - Бөлімдер) арқылы көрсетіледі. Бөлімдердің толық атауы, олардың мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
5. Өтініш беруші алатын мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабардар ету болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақытты шектеу мерзімі:
1) өтініш беруші қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 15 күнтізбелік күннен аспау;
2) өтініш беруші қажетті құжаттарды тіркеу кезінде кезекте күтудің барынша ұйғарымды уақыты: 40 минуттан аспау;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде қажетті құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің барынша ұйғарымды уақыты: 40 минуттан аспау.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің веб-сайттарында, және Бөлімдердің үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Бөлімдердің мекенжайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі Бөлімдердің ғимараттарында көрсетіледі. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін, күту мен қажетті құжаттарды даярлау үшін қолайлы жағдайлар көзделген. Ақпараттық стендтер, қажетті құжаттарды толтыру үлгілері бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берушілер мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
өтініш;
мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
баланы мүгедек етіп тану туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы;
мүгедек баланың ата-анасының, бала (қыз) асырап алушының, қамқоршының, басқа заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған мүгедек балалар үшін), жеке куәлік (16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін);
тұрғылықты жерін дәлелдейтін құжат;
білім беру ұйымы берген үйде оқыту фактісін дәлелдейтін анықтама.
13. Мемлекеттік қызмет еркін түрдегі жазбаша өтініш бойынша өтініш берушіге беріледі.
14. Өтініш берушілер қажетті құжаттармен тұрғылықты жеріндегі Бөлімге өтініш білдіреді. Бөлімдердің мекенжайлары және веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
15. Құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні, тіркеу күні мен уақыты көрсетілген талон, өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын дәлелдейді.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу өтініш беруші тұрғылықты жеріндегі Бөлімге бару арқылы немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады. Бөлімдердің мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
17. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың бірі болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.
18. Бөлім қызметі:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышты сақтау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түбегейлі және толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және құпиялылық;
6) белгіленген уақытта өтініш беруші алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
19. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Бөлімдердің және олардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті жоғары тұрған мемлекеттік органдарда - аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінде алуға болады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электронды түрде аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктеріне беріледі. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктерінің электрондық поштасының мекенжайлары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.
23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.
Шағымды қабылдау, өтініш берушіге шағымды қабылдап алған адамның тегі, аты-жөні, күні мен уақыты көрсетілген, сондай-ақ оның қарау барысы туралы білуге болатын телефоны көрсетілген талон беріледі.
24. Бөлімдердің және олардың жоғары тұрған органдарының байланыс деректері:
1) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны, Бөлім бастықтарының және олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестелері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
2) веб-сайт, электрондық поштаның мекенжайы, орналасқан жері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерінің телефондары осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің және олардың орынбасарларының қабылдау мен жұмыс кестесі туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ғимараттардың үй-жайларындағы ақпараттық стендтерде орналасқан.
25. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты өтініш беруші «Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Департамент) алады.
Департаменттің мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, электрондық поштаның мекенжайы social@kostanay.kz, oblsots@mail. ru., Қостанай облысы әкімінің веб-сайты www.kostanay.kz
электрондық қызметтер - www.e.kostanay.kz, байланыс телефоны: 8 (7142) 500616.
"Үйде тәрбиеленетін және оқитын
мүгедек балаларды материалдық
қамтамасыз ету үшін құжаттар
ресімдеу" мемлекеттік қызмет
көрсету Стандартына 1-қосымша
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Бөлімдерінің байланыс деректері
|
Бөлімдердің
|
Заңды мекенжайы, телефондардың нөмірлері және Бөлімдердің
|
Веб-Сайт |
Электрондық пошта |
1 |
"Алтынсарин ауданы кімдігінің
|
110101, Алтынсарин ауданы,
|
http://
|
sobes_
|
2 |
"Амангелді ауданы
|
110200, Амангелді ауданы
|
http://
|
Sobes_
|
3 |
"Әулиекөл ауданы
|
110400, Әулиекөл ауданы,
|
http://
|
aulsots
|
4 |
"Жангелдин ауданы
|
110660, Жангелдин ауданы,
|
http://
|
djansots
|
5 |
"Денисов
|
110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 6, телефон нөмірі 8-(71434)-9-13-44,
|
http://
|
densots
|
6 |
"Жітіқара
|
100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Асанбаев
|
http://
|
jitsots
|
7 |
"Қамысты аудандық
|
110800, Қамысты ауданы, Қамысты кенті, Ленин көшесі, 22, телефон нөмірі 8-(71437)-21-8-49,
|
http://
|
kamsots
|
8 |
"Қарабалық
|
110900, Қарабалық ауданы,
|
http://
|
karasots
|
9 |
"Қарасу ауданы
|
111000, Қарасу ауданы,
|
http://
|
karusots
|
10 |
"Қостанай ауданы
|
111100, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Казахская көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71455)-2-12-95,
|
http://
|
Sobes_
|
11 |
"Мендіқара ауданы
|
111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Летунов көшесі, 7, телефон нөмірі 8-(71443)-2-23-02 бастықтың азаматтарды
|
http://
|
Sobes_
|
12 |
"Науырзым ауданы
|
111400, Науырзым ауданы,
|
http://
|
sobes_
|
13 |
"Сарыкөл ауданы
|
111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі 104, телефон нөмірі 8-(71451)-21-9-48 бастықтың азаматтарды
|
http://
|
sarsots@
|
14 |
"Таран ауданы
|
111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71436)-3-67-08 бастықтың азаматтарды
|
http://
|
zagita
|
15 |
"Ұзынкөл ауданы
|
111800, Ұзынкөл ауданы,
|
http://
|
sobes_
|
16 |
"Федоров аудандық жұмыспен
|
111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Красноармейский көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71442)-21-9-96, бастықтың азаматтарды
|
http://
|
fedsots
|
17 |
"Арқалық
|
110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 62,телефон нөмірі 8-(71430)-7-09-12, бастықтың азаматтарды
|
http://
|
sobes_
|
18 |
"Қостанай
|
110000, Қостанай қаласы,
|
http://
|
gorsob
|
19 |
"Лисаков
|
111200, Лисаков қаласы, 4 ағын аудан, 37А»үй, телефон нөмірі 8-(71433) -3-21-71, бастықтың
|
http://
|
lissoc
|
20 |
"Рудный
|
111500, Рудный қаласы, Пионерский көшесі, 21, телефон нөмірі
|
http://
|
rudsots
|
"Үйде тәрбиеленетін және оқитын
мүгедек балаларды материалдық
қамтамасыз ету үшін құжаттар
ресімдеу" мемлекеттік қызмет
көрсету Стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштердің маңызы
Сапа және қол
|
Көрсеткіштің
|
Келесі жылы көрсеткіштің нысаналы маңызы |
Есептік
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақытылылық |
|||
1.1. Құжат тапсырылған уақыттан бастап белгіленген мерзімде
|
90 |
95 |
90 |
1.2. Кезекте 40 минуттан аспай қызмет көрсетілуін күткен тұтынушылардың %(үлесі) |
80 |
85 |
81 |
2. Сапа |
|||
2.1. Тұтынушылар
|
89 |
90 |
89 |
2.2. Лауазымды тұлғамен құжаттарды дұрыс толтыру
|
85 |
90 |
85 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен тәртібі туралы ақпаратпен
|
80 |
85 |
80 |
3.2. Тұтынушының
|
80 |
85 |
79 |
3.3. Интернет арқылы
|
40 |
45 |
30 |
4. Шағым беру үдерісі |
|||
4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына дәлелді шағымдар % (үлесі) |
0,5 |
0,2 |
0,1 |
4.2.Белгіленген мерзімде қаралып,
|
89 |
95 |
89 |
4.3. Тұтынушылардың
|
90 |
95 |
85 |
4.4. Тұтынушылар
|
88 |
90 |
89 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Тұтынушылардың
|
89 |
90 |
88 |
"Үйде тәрбиеленетін және оқитын
мүгедек балаларды материалдық
қамтамасыз ету үшін құжаттар
ресімдеу" мемлекеттік қызмет
көрсету Стандартына 3-қосымша
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
әкімдіктерінің байланыс деректері
|
Аудан
|
Орналасқан жері
|
Веб-Сайт |
Электрондық пошта |
1 |
Алтынсарин
|
110101, Алтынсарин ауданы,
|
http://
|
altynsar
|
2 |
Амангелді
|
110200, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Майлин көшесі, 19, телефон нөмірі 8-(71440)-21-4-00 |
http://
|
amangeldy
|
3 |
Әулиекөл
|
110400, Әулиекөл ауданы,
|
http://
|
auliekol
|
4 |
Жангелдин
|
110660, Жангелдин ауданы, Торғай кенті, Алтынсарин
|
http://
|
jangeldy
|
5 |
Денисов
|
110500, Қостанай облысы, Денисов селосы, Калинин көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71434)-9-15-01 |
http://
|
denisovka
|
6 |
Жітіқара
|
100701, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 6 шағын
|
http://
|
zhitikara
|
7 |
Қамысты
|
110800, Қамысты ауданы,
|
http://
|
kamysty
|
8 |
Қарабалық
|
110900, Қарабалық ауданы, Қарабалық к. Космонавтов
|
http://www.karabalyk.kostanai.kz/ |
karabalyk
|
9 |
Қарасу
|
111000, Қарасу ауданы, Қарасу с., Исаков көшесі, 73, телефон нөмірі 8(71452)-21-2-80 |
http://
|
karasu
|
10 |
Қостанай
|
111100, Қостанай ауданы,
|
http://
|
kost_
|
11 |
Мендіқара
|
111300, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Королев көшесі, 5, телефон нөмірі 8-(71443)-2-16-06 |
http://
|
mendikara
|
12 |
Науырзым
|
111400, Науырзым ауданы,
|
http://
|
naurzum
|
13 |
Сарыкөл
|
111600, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 72, телефон нөмірі 8-(71451)-21-7-90 |
http://
|
sarykol
|
14 |
Таран
|
111700, Таран ауданы, Таран селосы, Калинин көшесі, 60, телефон нөмірі 8-(71436)-3-71-45 |
http://
|
taranovka
|
15 |
Ұзынкөл
|
111800, Ұзынкөл ауданы,
|
http://
|
uzunkol
|
16 |
Федоров
|
111900, Федоров ауданы, Федоров селосы, Калинин көшесі, 53, телефон нөмірі 8-(71442)-2-13-04 |
http://
|
fedorovka
|
17 |
Арқалық
|
110300, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, телефон
|
http://www.arkalyk.
|
arkalyk
|
18 |
Қостанай
|
110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, телефон нөмірі 8-(7142)-57-57-65 |
http://
|
gorakimat
|
19 |
Лисаков
|
111200, Лисаков қаласы, Мира көшесі, 32, телефон
|
http://www.lsk.kz/ |
lisakovsk
|
20 |
Рудный
|
111500, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 93, телефон нөмірі 8-(71431)-4-53-31 |
http://www.rudny.kz/ |
rudny
|