Баутин поселкесінің шекарасын белгілеу туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 493 және Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 9/62 қаулысы және шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаменті Түпқараған ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 8 қарашада № 11-6-71 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылғы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағын, 8 желтоқсан 1993 жылғы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағын және "МаңғыстаужерҒӨО" Мемлекеттік еншілес кәсіпорынның жасақтаған жобасын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1.Қоса беріліп отырған Баутин поселкесінің шеккарасы схемалық картаға сәйкес белгіленсін:

      Баутин поселкесінің жер аумағы – 1096,7 га.

      2.Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Бекмағамбетова
      Аудан әкімі Б.Чельпеков
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова