Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Мемлекеттік жер - ғылыми өндірістік орталығы Маңғыстау еншілес кәсіпорнының жобасына сәйкес Маңғыстау ауданының Шайыр селосына қарасты жер бөлігінен Тасмұрын елді мекенінің аумақтық шекарасы 6766,2 гектар (жайылысы - 6756,2 гектар) болып белгіленсін.
2. Жалғанған қосымшаға сәйкес Маңғыстау ауданының Шайыр селосына қарасты жер бөлігінен Тасмұрын елді мекенінің аумақтық шекарасының сызбасы бекітілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Аудан әкімі
С.Қапашұлы Ж.Албытов
Аудандық мәслихат хатшысы
Ж.Жапақов
КЕЛІСІЛДІ:
Қалиев Есет Өтемісұлы
Аудандық жер қатынастары
бөлімі бастығының м.а.
19 желтоқсан 2008 ж