Маңғыстау ауданының Онды селосына қарасты жер бөлігінен Басқұдық елді мекенінің аумақтық шекарасын белгілеу туралы

Маңғыстау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 10/124 шешімі мен Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 241 қаулысы. Маңғыстау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қаңтарда N 11-5-65 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес аудандық мәслихатШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1.Мемлекеттік жер - ғылыми өндірістік орталығы Маңғыстау еншілес кәсіпорнының жобасына сәйкес Маңғыстау ауданының Онды селосына қарасты жер бөлігінен Басқұдық елді мекенінің аумақтық шекарасы 12553,2 гектар (жайылысы - 8847,9 гектар) болып белгіленсін.
      2. Жалғанған қосымшаға сәйкес Маңғыстау ауданының Онды селосына қарасты жер бөлігінен Басқұдық елді мекенінің аумақтық шекарасының сызбасы бекітілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Аудан әкімі
      С.Қапашұлы                              Ж.Албытов

      Аудандық мәслихат хатшысы
      Ж.Жапақов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қалиев Есет Өтемісұлы
      Аудандық жер қатынастары
      бөлімі бастығының м.а.
      19 желтоқсан 2008 ж