Құрық селосы аумағынан жаңа тұрғын үй құрылысын салу үшін дайындалған жерге атау беру туралы

Қарақия ауданы әкімдігі Құрық селосы әкімінің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 91 шешімі. Қарақия ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 8 қыркүйектегі № 11-4-65 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және село тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1.Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін Құрық- ст.Ералиев автокөлік жолының батыс бетінде орналасқан жерге "Маңғыстау" атауы берілсін.
      2.Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.
      Село әкімі М.Сәрсенғали