Жетібай кентіндегі жаңа тұрғын үй құрылысы салынып жатқан шағын ауданға атау беру туралы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігі Жетібай кентінің әкімінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 176 шешімі. Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 сәуірде № 11-4-57 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылысы" Заңының" 14-бабына сәйкес елді мекендердің құрамдас бөлімдеріне атау беру мен қайта атау мәселелері тиісті елді мекен әкімінің құзіретіне жатады. Осыған орай кент тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Қашаған Күржіманұлы шағын ауданының батыс жағынан орналасқан шағын ауданға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тірегі елордамыз Астана қаласының 2008 жылы 10 жылдық мерей тойына орай "Астана" атауы берілсін.
      2. Шешімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 Қаулысының 9 тармағына сәйкес нормативтік құқықтық кесімге Қазақстан Республикасы әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша анықтама негіздеме қоса ұсынылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.
      Жетібай кентініңәкімі Қ.Асанов