Жаңа көшелерге есімдер беру туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 509 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаменті Бейнеу ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 11 тамызда № 11-3-60 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес және село халқының пікрін ескере отырып ШЕШЕМІН:

      1. Бейнеу селосының 5 ауыл бөлігіндегі Есекмерген батыр көшесінен кейінгі жаңа көшеге "Сүйінқара батыр",

      Б.Майлин көшесімен Қ.Сәтбаев көшесі аралығындағы жаңа көшеге "Рзаевтар",

      Б.Майлин көшесіне бағыттас батыс бөлігіндегі жаңа көшеге "Қайдақ" есімі,

      "Манашы" орта мектебінен "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралықтағы жаңа көшенің бірінші қатары Сүгір Бегендікұлы есімі,

      екінші қатары "Достық",

      үшінші қатары "Ынтымақ",

      төртінші қатары "Бірлік",

      бесінші қатары "Білеулі",

      алтыншы қатары "Белдеулі",

      жетінші қатары "Жезді",

      сегізінші қатары "Аспантай" есімдері

      және Сүгір Бегендікұлы көшесінің солтүстік бағытында орналасқан жаңа көшеге "Матай" есімі, Бейнеу селосының 3 ауыл бөлігіндегі Тоқабай Құрмаш Қосжанұлы көшесінен кейінгі бағыттас жаңа көшенің бірінші қатары "Шағырлы",

      екінші қатары "Тасастау",

      үшінші қатары "Көлтабан"

      төртінші қатары "Жиделі" есімдері берілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Село әкімінің
      міндетін атқарушы: А.Сейілханов