Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.12.2013 № 16/155 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 164"Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлері туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылдың 28 наурызында N 2007 болып тіркелген) және қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 5/34 "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылдың 26 желтоқсанында N 11-1-72 болып тіркелген, 2007 жылы 27 желтоқсандағы N 213-214 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы N 37/323 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-57 болып тіркелген, 2007 жылғы 14 шілдедегі N 121- 122 "Маңғыстау" газетінде жарияланған), 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 7/68 "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы N 37/323 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-81 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 мамырдағы N 74-75 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) шешімдеріне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы шешімнің 1 қосымшасында:
8 тармақтағы "Афған соғысында қайтыс болып кеткен жауынгерлердің отбасы" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: "Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы";
11 тармақтағы "Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 1 және 2 топ мүгедектері және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: "Барлық топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар және мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар";
12 тармақтағы "Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға)";
Мынадай мазмұндағы 14 және 15-тармақтарымен толықтырылсын:
"14. Жеңіс Күніне (9 мамыр) – жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдардың басқа да санаттары";
"15. Жеңіс Күніне (9 мамыр) – жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары".
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ы.Көшербай
Қалалық мәслихат хатшысы Ж. Матаев
"КЕЛІСІЛДІ":
"Ақтау қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ-нің бастығы
_________________ К.Айтбатырова
2008 жылы 23 желтоқсан