Өмірзақ ауылының шекарасын белгілеу туралы

Ақтау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 18 ақпандағы N 6/55 шешімі және Ақтау қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы N 203 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Ақтау қалалық Әділет басқармасында 2008 жылғы 21 наурызда N 11-1-79 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 108 бабына сәйкес қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ және қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. «Рауан» тұрғын-үй массивін есепке алуымен қоса берілген сызбалық картаға сәйкес Өмірзақ ауылының шекарасы белгіленсін.
      2. Осы шешім мен қаулы оларды ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Ж. Доспаев


      Қала әкімі                              С. Бекбергенов


      Қалалық маслихат
      хатшысы                                 Ж. Матаев