Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 10/125 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 2207 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 12 қаңтарда N 2036 тіркелді

Қолданыстағы

       Мұнайлы аудандық мәслихаты мен Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы ұсынысын қарай келіп, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыстық әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТТІ:

       1. Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 16-бекет, Үлкен және Кіші Емір аумақтары осы шешім мен қаулының 1-қосымшасына сәйкес Баянды селосының әкімшілік-аумақтық бірлігіне жатқызылсын;
      2) Қызылтөбе селолық округінің шекарасы осы шешім мен қаулының 2-қосымшасына сәйкес оның құрамына "Южное" және "Геолог" бау-бақша бірлестіктері қосылып, өзгертілсін;
      3) Мұнайлы ауданының Атамекен, Дәулет және Басқұдық селолық округтарының шекаралары осы шешім мен қаулының 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

       2. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                             Ж. Сүйінов

      Облыс әкімі                                 Қ. Көшербаев

      Облыстық мәслихат хатшысы                   Б. Шелпеков

       РҚАО-ның ескертуі: 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларын қағаз мәтінінен қараңыз.