Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 181 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 30 сәуірде N 2009 тіркелді.

Жаңартылған

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінесәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДі:

      1. 1 қосымшаға сәйкес, бекітілген жобалық құжаттамасы негізінде Каспий теңізінің жағалауындағы Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендірлі демалыс аймағында ұзындығы 284,5 км су қорғау аймақтары мен белдеулері және шектелген шаруашылық қызметінің режимі белгіленсін;

      2. 2 қосымшаға сәйкес, Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде, шаруашылық қызметін жүзеге асыруға тыйым салынған талаптар тізбесі бекітілсін.

      3. Ақтау қаласының және аудандардың әкімдері:
      су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын нақтылы түріне көшіруді, жерді есепке алу құжаттамасына өзгеріс енгізуді және осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді жүзеге асырсын;
      су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде, құрылыс және басқа арнайы қажеттерге аумақты иелену мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2 тармақтарының талаптарына қатаң сәйкесте жүргізсін.

      4. Ақтау қаласының және аудандардың әкімдері, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан пайдаланылуында жер учаскелері бар, ведомстволық тиесілілігі мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басшыларына, олардың санитарлық жай-күйін тиісті дәрежеде күтілуін және шаруашылық жүргізу режимінің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      5. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Б.А. Бисенов) мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендірлі демалыс аймағында су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін құру" жобалық құжаттамасын арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ө.Трұмовқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Қ. Көшербаев

      КЕЛІСІЛДі:
      С.Ө. Трұмов
      Ә.Ө. Сахимов
      Е.А. Бектұрғанов
      А. Әбдешұлы

      Қ. Сейлханұлы
      Маңғыстау облыстық жер
      қатынастары басқармасының бастығы
      "____"_____________ 2008 жыл

      Е.Д. Дүзмағанбетов
      Маңғыстау облыстық аумақтық
      жер ресурстарын басқару басқармасы
      бастығының міндетін атқарушы
      "____"_____________ 2008 жыл

      Ы.Н. Ноғаев
      Маңғыстау облыстық аумақтық
      қоршаған ортаны қорғау
      басқармасының бастығы
      "____"_____________ 2008 жыл

      Б.Б. Өтесінов
      Маңғыстау облысының
      Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологилық
      қадағау департаментінің директоры
      "____"_____________ 2008 жыл

      Б.О. Қуанов
      Жайық-Каспий бассейіндік су
      шаруашылық басқармасының бастығы
      "____" ____________ 2008 жыл

      Орын: Б.А.Бисенов
      Маңғыстау облысының табиғи ресурстар
      және табиғатты пайдалануды реттеу
      басқармасының бастығы
      "____" ____________ 2008 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2008 жылғы 20 наурызындағы
N 181 қаулысына 1-қосымша

Каспий теңізі жағалауының маңайындағы аумақтағы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ені

      "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендірлі демалыс аймағында Каспий теңізінің жағалауында су қорғау аймақтары мен белдеулерін кұру" бекітілген жобалық құжаттамасына сәйкес мыналар белгіленеді:

      1. Ақтау қаласы аумағының су қорғау аймағының көлемі мен шекарасы, бекітілген бас жоспарға сәйкес кұрылыс салу және жоспарлаудың нақты талаптар тұрғысынан;
      Ақтау қаласы аумағы бойынша Каспий теңізінің жағалауында су қорғау аймағының 96,0 км созылатын ені, соңғы он жылдықтағы теңіздің орташа көпжылдық деңгейі белгісінен алынады, шекараға дейінгі минус 27,0 метрге тең: ҚР Президентінің даңғылы, Строительная көшесі және әрі қарай өмірзақ кентіне дейін асфальт жолы бойымен.
      Ақтау қаласы аумағының теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, оның аса бағалы балық шаруашылығындық маңызы бар маңайындағы жердің еңісі мен сипатына қарамастан кемінде 100 м қабылданады.
      Ақтау қаласында ағынды канализациялар мен жағалаулықтар болған жағдайда су қорғау белдеуінің шекарасы жағалаудағы қалқаншамен қосылады.

      2. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қ. аумағы бойынша Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау аймағы енінің ұзындығы 38,5 км, Құрық селосының ұзындығы 61,0 км және Қарақия ауданының Кендірлі демалыс аймағында 89,0 км, соңғы он жылдықта теңіздің орташа көпжылдық деңгейі 2000 метр белгісінен алынды, минус 27,0 метрге тең.
      Форт-Шевченко қаласында, Құрық селосында Кендірлі демалыс аймағында су қорғау белдеулері айрықша қымбат балықшаруашылық маңызы бар жерлерде, 100 м тең.

      3. Су қорғау аймақтарын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, курорттық, сауықтыру және халықтың өзгеде мұқтажы үшін пайдаланылатын су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын құру қажеттілігін болдырмайды, осылардың шекарасы мен көлемі халықтың, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

      4. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жаңа жер учаскелерін беруді, жергілікті атқарушы органдар, су қорының қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың пайдалану және қорғау саласындағы арнайы уәкілетті органдарының келісімі бойынша жүргізеді.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 
2008 жылғы 20 наурызындағы  
N 181 қаулысына 2 қосымша  

Су қорғау аймағы мен белдеуінің аумағында шектелген шаруашылық қызметінің режиміне қойылған талаптар тізбесі

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға тыйым салынады:

      1) авиациялық - химиялық жұмыстарды жүргізуге;

      2) арам шөптер,өсімдіктердің ауруларымен зиянды жәндіктермен күресте химиялық құралдарды қолдануға;

      3) топырақты тыңайту үшін тезекті суды қолдануға;

      4) улы химикаттар,минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май материалдарының қоймаларын, аппаратураларға улы химикаттар құю алаңдарын, мал шаруашылығының кешендері мен фермаларын, өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарын жинақтау мен көму орындарын, мал көметін жерлер мен мал көметін орындарын, сарқынды су жинақтау орындарын орналастыруға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) көң мен қоқысты жинауға;

      6) автокөліктерді, тракторларды және басқа механизмдерді жөндеуге және жууға, май құюға, су объектілерінің ластануын болдырмау мақсатында, сарқынды суларды жинау және бөлу бойынша ағынды канализациялармен және сүзгілеуге қарсы экранмен жабдықталмаған алаңдарда көлік құралдарының тұрақтарын орналастыруға;

      7) 3 градустан жоғары құламалы құз жанындағы аумақты және 100 метрден кем емес судан қорғау аумағының көлемінде жаңа саяжай және бау-бақша учаскелер орналастыруға;

      8) су объектісінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағының су нысандарының бекітілуін және ластануы мен қоқысталуын болдырмайтын, имаратармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, қайта құрылымданатын және жаңасын қатарға қосып пайдалануға беруге;

      9) су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жергілікті атқарушы органдармен және уәкілетті органның келісімінсіз, ғимараттарды, имараттарды, коммуникациялар мен басқа да объектілерді жүргізу, қайта құрылымдауға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстарын, жер қазу және басқа да жұмыстарына;

      10) арнайы мемлекеттік уәкілетті органдардың белгіленген тәртіппен келісілген жобаларсыз, құрылыс жүргізу, түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбаларды өндіру, кабель, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеу, бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге жұмыстарды жүргізуге;

      11) малды мөлшерсіз жаюға, оларды тоғытуға және санитарлық өңдеуге,су тоғандарының режимін нашарлататын шаруашылық қызметтердің басқа да түрлеріне;

      12) шекті рауалды мөлшерлемесі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қар бетіне тыңайтқыштар себуге, тыңайтқыш ретінде залалсыздандырылмаған құрамында қи бар ағын сулары мен тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды пайдалануға;

      13) теңіздегі мұнай операцияларын қолдау үшін қажетті жағалаулық инфрақұрылымның өндірістік объектілеріндегі су қорғау аймағына ғимараттар мен құрылыстар салуға су объектісінің ластануы мен қоқыстануын болдырмау жөнінде, қосымша іс-шаралар қабылдау талабымен, шектеу таратылмайды.
      Ескерту: 1-тармаққа толықтыру енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008.12.23 N 2631 қаулысы.

      2. Су қорғау белдеуінің шегінде жоғарыда көрсетілген шектеулерден басқа мыналарға тыйым салынады:

      1) тұрғын-үй, саяжай және басқа да құрылысқа жер учаскелерін бөлуге;

      2) өткелдер мен жолдар салуға;

      3) шайылған топырақтардың орнына топырақ үйінділерін жинақтауға;

      4) органикалық және минералды тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдануға;

      5) мал жаюға, малға арналған жазғы лагерьлерді салуға (дәстүрлі суаттарды пайдаланудан басқа) малды тоғытуға арналған астаулар орнатуға;

      6) маусымдық стационарлық шатырлар қалашығын орнатуға;

      7) жерді жыртуға;

      8) арнайы мақсаттағы, су жинау, суды реттеу, қорғау ғимараттары мен имараттарының және басқа да имараттарының құрылысын салуға.