1999 жылғы 2 желтоқсан "Дене тәрбиесі және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын әлеуметтік жағынан Қорғау мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДі:
1. Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай (ақшалай төлем құралдары облыстыҚ бюджет құралдарынан) Қамту 25 есе айлық есеп төлем көрсеткішімен белгіленсін.
2. Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының сапына кіретін, халықаралық дәрежедегі ресми жарыстарда жоғары спорт жетістіктеріне қол жеткізген облыстың 10 спортшысына ай сайын ақшалай қамту (бұдан әрі – ақшалай қамту) белгіленеді.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009.10.13 № 2059 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. алынып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009.10.13 № 2059 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5.Ақшалай қамтуды алуға үміткерлердің тізімдік құрамы қажеттілігіне қарай облыстың дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұсынуы бойынша жұмыс тобының шешімінің негізінде жылына 2 рет анықталады.
6.Ақшалай қамту жөніндегі жұмыс тобының шешімі мәжілісте ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
7. Спортшылардың республикалыҚ және халықаралық жарыстарда спорттық нәтижелері болмаған, республикалық немесе облыстық құрама командаларының сапынан шығарылған және спорттық тәртіпті бұзған жағдайында, облыс әкімінің және жұмыс тобының шешімімен ай сайын ақшалай қамтуы тоқтатылуы мүмкін.
Ескерту. 7 тармаққа өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009.10.13 № 2059 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.А.Қараевқа жүктелсін.
9. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев
КЕЛІСІЛДІ:
Ж.А.Қараев
Ә.Ө.Сахимов
Е.А.Бектұрғанов
А.Әбдешұлы
Маңғыстау облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
департаментінің директоры
Х.Х.Нұрғалиева
"____"___________ 2008 ж.
Маңғыстау облысы
Қаржы департаментінің директоры
М.Б.Әлібекова
"____"___________ 2008 ж.
Маңғыстау облысы
дене тәрбиесі және спорт
басқармасы бастығының
міндетін атқарушы
Р.Ф.Елизарова
"____"___________ 2008 ж.
Облыс әкімдігінің
2008 жылғы "____"_____
Қаулысына Қосымша
Ескерту. Қосымшаға толықтырулар енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009.10.13 № 2059 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Қараев Жауымбай - топ төрағасы,
Амантұрлыұлы облыс әкімінің орынбасары
Елизарова Рушания - жұмыс тобы төрағасының орынбасары,
Фаритовна Маңғыстау облысы дене тәрбиесі және
спорт басқармасының бастығының міндетін
атқарушы
Купенов - спорт ардагері,
Жақсылық Қайыркенұлы жұмыс тобының мүшесі;
Коломиец - спорт ардагері,
Анатолий Константинович жұмыс тобының мүшесі;
Жұмыс тобының мүшелері:
Иманғалиев Қазбек - Маңғыстау облысы дене тәрбиесі
Рахметұлы және спорт басқармасының спорт бөлімінің
бастығы
Джумаев Айнди - Жас қанат мемлекеттік коммуналдық
Зайндиевич қазыналық кәсіпорнының директоры
Озғанбаев Қанат - Маңғыстау облысы
Амандықұлы Олимпиядалық резервтер даярдау
орталығының директоры