Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы N 4/54 шешімі мен Маңғыстау облысының әкімдігінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы N 29 қаулысы. Маңғыстау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 7 наурызда N 2002 тіркелді.

Қолданыстағы

      Бейнеу аудандық мәслихаты мен Бейнеу ауданы әкімдігінің Бейнеу ауданының әкімшілік - аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы ұсынысын қарай отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Ақжігіт селолық округінің құрамынан жалпы көлемі 13 000 га аумақты Тәжен селосын шығара отырып, шекарасы өзгертілсін.

      2.Осы шешім мен қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                        Облыс әкімі
       К. Уйсинбаев                          К. Кушербаев

      Облыстық мәслихат хатшысы
      _________Б. Шелпеков