Шиелі кенті "Береке" мөлтек ауданында орналасқан атау берілмеген көшеге Өмірхан Жәрімбетовтің есімін беру туралы

Шиелі кенті әкімінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 202 шешімі. Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 05 қарашада N 10-9-66 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі кенті, "Береке" мөлтек ауданында орналасқан аты жоқ көшеге ауданның ауылшаруашылығы саласында көп жылдар бойы абыройлы еңбек атқарған Өмірхан Жәрімбетовтің есімі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 28.10.2007 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің
орынбасары Ермахан Түменовке жүктелсін.

      Кент әкімі                               М.Молдабаев