Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Шиелі кенті, "Көкшоқы" мөлтек ауданы, N 23 геологиялық барлау экспедициясы елді мекеніндегі атау берілмеген көшеге, еңбек ардагері, N 97 "Бәйгеқұм" кәсіптік техникалық училищесін 1964-1974 жылдары аралығында басқарған, ардагер-ұстаз Ыбырайхан Нәлібайұлының есімі берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 02.11.2006 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің
орынбасары Ермахан Түменовке жүктелсін.
Кент әкімі М.Молдабаев