Аудан әкімінің Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының N 8 "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы ұсынысын қарастырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 8 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-56 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2008 жылғы 12 шілдедегі N 28 санында жарияланған) төмендегі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 тармақта:
1) 7) тармақшада "алушыларға" деген сөз "отбасына" деген сөзімен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 9) тармақшасымен толықтырылсын:
"9) қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ұсынған тізімдер негізінде Ауғанстан соғысында қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің отбасыларына бір жолғы материалдық көмек.".
2. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының
міндеттерін атқарушы,
Мәслихат хатшысы А. ЖҮНІСПЕКОВ