Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін" орындау мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің тізімі, жұмыс түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбекақысы Қазақстан Республикасында бекітілген ең аз еңбекақысынан төмен емес, толық емес жұмыс күн және оралымды кесте бойынша жұмыс істеу мүмкіндігімен бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтардың еңбекақысы жергілікті бюджет қаражатынан төленсін.
4. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган (Ақсанов Серік Айткенұлы) нақты еңбек жағдайларын көрсетіп, қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен бір үлгідегі келісім шарттар жасасын.
5. Абай ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 28/01 "2008 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (2008 жылғы 21 қаңтарда Абай ауданының әділет басқармасында тіркелген N 8-9-39, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) қаулысы күшін жойған болып танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Алтынбеков
Абай ауданы әкімдігінің
2008 жылы 18 желтоқсан N 35/03
қаулысына
қосымша
2009 жылға Абай ауданының кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер |
Адамд саны |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Абай аудандық әкімдігінің “Жігер-2004” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
260 |
Тұрғын үй массивтерінің территорияларын қоқыстардан, қардан тазарту, қаланы көркейту, көгалдандыру, экологиялық жақсарту және басқа жұмыстар |
Пәтерлер иелер кооперативі |
40 |
Үйлерді қысқы жылыту кезеңіне дайындау және басқа жұмыстар |
Қала, ауыл және кент әкімдерінің аппараттары |
70 |
Тұрғын үй массивтерінің территорияларын қоқыстардан, қардан тазарту, қаланы көркейту, көгалдандыру, экологиялық жақсарту. Қосалқы, жөндеу-құрылыстық жұмыстары, салық жинауға, статистикалық сауалнамалар өткізуге көмектесу, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекке және мемлекеттік балалар жәрдемақысына құжат жинауға көмектесу және басқа жұмыстар |
Абай ауданының қаржы бөлімі, Абай ауданының қазынашылық бөлімі, Абай ауданының жер қатынастары бөлімі, Абай ауданының құрылыс бөлімі, Абай ауданының архитектура және қала құрылысы бөлімі, Абай ауданы бойынша агрокәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің аумақтық инспекциясы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі |
17 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары, мұрағат, курьерлік және басқа жұмыстар |
Абай ауданының денсаулық сақтау мекемелері |
6 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары, территорияларды көркейту және басқа жұмыстар |
Абай ауданының мәдениет мекемелері |
10 |
Жылыту кезеңіндегі қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстар. Жылыту кезеңінде қосалқы жұмыстар. Мәдени шаралар өткізу және басқа жұмыстар |
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері (Абай ауданы бойынша зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы, Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік оңалту орталығы) |
20 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Халықтың әлсіз топтарына көмек және қызмет көрсету, мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьерлік және басқа жұмыстар |
Абай ауданының қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі |
20 |
Әскерге шақыру және жазылу кампанияларын өткізу және басқа жұмыстар |
Абай аудандық ішкі істер басқармасы, Абай аудандық прокуратурасы, Абай аудандық әділет басқармасы, соттар, соттардың территориялық учаскелері, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасы |
45 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Халықты құжаттандыруға көмектесу. Мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьерлік және басқа жұмыстар |
Төтенше жағдайлар бөлімі |
3 |
Халықты өрт қауіпсіздігіне оқыту және басқа жұмыстар |
Ауылдардың әкім аппараттары |
60 |
Мал асырау және ауылшаруашылық өнімдерін өсіру бойынша бригадаларды ұйымдастыру |
Аудандық статистика бөлімі |
30 |
Халықтың және малдың санағын жүргізу бойынша жұмыссыздардың топтарын ұйымдастыру, курьерлік және басқа жұмыстар |
Абай ауданы бойынша салық басқармасы |
19 |
Халықтан салық жинауға көмектесу. Есеп кампаниясын өткізуге көмектесу және басқа жұмыстар |
Барлығы |
600 |