"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағының 15 тармақшасына, "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін берілетін дәрілік заттар қосымша берілсін:
азаматтарға бауырды ауыстырып салғаннан кейін дәрілік зат Такролимус, 0,5 мг, 1 мг. капсула (рецепт бойынша).
2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік - мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Әдекенов С.М.).
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Мартынов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Жұмабеков
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау министрі А. Дерновой
04 қазан 2008 жыл