Мойынқұм ауданының мәслихаты мен әкімиятының ұсыныстарын қарай келе, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 9 қарашадағы оңды шешімін және тиісті аумақтағы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " 2001 жылғы 23 қаңтардағы, " Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қызылотау ауылдық округіне қарасты Қызылотау ауылының атауы Күшаман ауылы деп өзгертілсін.
2. Осы нормативтік құқықтық кесім әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс Әкімі Б.ЖЕКСЕНБИН
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Т.ХАЛЫҚ
Облыстық мәслихат хатшысы Ә.ӘСІЛБЕКОВ