Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округіне қарасты Кеңес ауылын Ертай ауылы деп қайта атау туралы

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 93 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2008 жылғы 01 сәуірдегі N 5-12 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 24 сәуірде 1680 нөмірімен тіркелді

Қолданыстағы

      Жуалы ауданының мәслихаты мен әкімиятының ұсыныстарын қарай келе, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 9 қарашадағы оңды шешімін және тиісті аумақтағы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " 2001 жылғы 23 қаңтардағы, " Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округіне қарасты Кеңес ауылының атауы Ертай ауылы деп өзгертілсін.

      2. Осы нормативтік құқықтық кесім әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі                           Б.ЖЕКСЕНБИН

      Облыстық мәслихат
      сесиясының төрағасы                   Т.ХАЛЫҚ

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                               Ә.ӘСІЛБЕКОВ