Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде біріңғай тіркелген салық ставкалары туралы

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 15-117 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда N 2-13-85 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әкімшілік–аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде біріңғай тіркелген салық ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін;

      2. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі

 

      Аудандық мәслихатының                 Кербұлақ аудандық
          сессия төрағасы                   мәслихатының хатшысы
      Бақытжан Рақымжанұлы                Есенбай Әбдірахманұлы
            Мақұлбеков                            Сұраншынов
 

Кербұлақ аудандық мәслихатының
2008 жылдың "29" желтоқсандағы
"Әкімшілік–аумақтық бірліктің
аумағында жүзеге асырылатын
барлық салық төлеушілер үшін
бекітілген базалық ставкалар
шегінде біріңғай тіркелген салық
ставкалары туралы" N 15-117
шешіміне қосымша

 

Әкімшілік–аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асырылатын
барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар
шегінде біріңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері

Рет саны

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі
мөлшері (айлық есептік
көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін Пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд

3