Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 491-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жергіліктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және Алматы облысының елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем ставкалары, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. 2001 жылғы 25 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 528 нөмірімен тіркелген, Алматы облыстық мәслихатының 2001 жылғы 20 қарашадағы "Облыс бюджетіне жеке төлемдер бойынша ставканы бекіту туралы" N 16-106 шешімінің, енгізілген өзгерістермен 2004 жылғы 17 қаңтарындағы "Жетісу", "Огни Алатау" газеттерінің 20 нөмірінде жарияланған 2004 жылдың 28 қаңтарда мемлекеттік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде 1467 нөмірмен тіркелген Алматы облыстық мәслихатының 2003 жылдың 25 желтоқсанындағы "Орманды пайдалану үшін төлем ақы мөлшерін белгілеу туралы" N 3-19 нөмірлі шешімінің 3 қосымшасы күшін жойылған деп танылсын.
Алматы облыстық мәслихатының
2008 жылғы 10 сәуірдегі "Жергіліктi маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бөлiнген белдеуiнде және Алматы
облысының елдi мекендерде орналастырылатын
жарнама объектiлерi бойынша сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастырғаны үшін төлем
ставкаларын белгілеу туралы"
N 8-57 шешіміне қосымша
Жергіліктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және Алматы облысының елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем ставкалары
N
|
Жарнама
|
Төлем ставкалары (ай сайын,
|
||
Санаты |
||||
А |
В |
С |
||
1 |
2 шаршы метрге
|
4 |
2 |
1 |
2 |
2-ден 5 шаршы
|
5 |
4 |
3 |
3 |
5-тен 10 шаршы
|
10 |
8 |
6 |
4 |
10-нан 20 шаршы
|
16 |
12 |
8 |
5 |
20-дан 30 шаршы
|
30 |
25 |
20 |
6 |
30 шаршы метрден
|
40 |
30 |
20 |
Ескерту: Шалғайдағы аудандардың экономикалық дамуын және жергілікті жерлердің, ірі қалалар мен автомагистральдардан алыс орналасқанын, аудандардағы тұрғандардың жиілігін ескере отырып, облыстың аудандары мен қалалары 3 санатқа бөлінген: