Шалқар ауданы аймағындағы ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2008 жылғы 16 қазандағы N 79 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 30 қазанда N 3-13-87 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі N 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңның 18 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Бюджет кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін төленетін бір жолғы ақшалай өтемақы 8,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.<*>
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2009.01.30 N 104 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн мерзім өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат             Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы          хатшысы үшін аудандық
                                    мәслихат тексеру
                                    комиссиясының төрағасы

      А.Бақтыбаев                        М.Үмбеталы