Тасқопа селосы көшелеріне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа селолық округі әкімінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 2 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 30 маусымда N 3-10-81 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Тасқопа селолық округ әкімі шешім етеді:
       1. Тасқопа селосының атаулары жоқ:
      1) N 1 көшесіне Мектеп;
      2) N 2 көшесіне Астана;
      3) N 3 көшесіне Ашы–ойыл атаулары берілсін.
       2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Тасқопа селолық округі әкімі:     Ж.Н.Қалмағанбетов