Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабына 2-тармағы және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Қайыңды селолық округі халқының пікірін ескере отырып Қайыңды селолық округ әкімі шешім етеді:
1. Қайыңды селосының атаулары жоқ:
1) N 1 көшесіне Батыс;
N 2 көшесіне Ойыл;
N 3 көшесіне Астана;
N 4 көшесіне Мектеп;
N 5 көшесіне Достық;
N 6 көшесіне Орман;
N 7 көшесіне Жастар;
N 8 көшесіне Бабатай;
N 9 көшесіне Жігер атаулары берілсін.
2) Бабатай ауылының N 1 көшесіне Жиенәлі Хазірет, N 2 көшесіне Қызыл Тұрдалыұлы, N 3 көшесіне Жансен Кереев деген атаулары берілсін. 3) Шибулақ ауылының N 1 көшесіне Бұлақты, N 2 көшесіне Саға, N 3 көшесіне Теріскей деген атаулары берілсін.
2. Осы шешім Әдлет органдарынада мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қайыңды селолық округінің әкімі М Үмбетов