Ақсай селосының көшелерін атау туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай селолық округі әкімінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 30 маусымда N 3-10-83 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Ақсай селолық округі халқының пікірін ескере отырып Ақсай селолық округ әкімі шешім етеді:
       1. Ақсай селосының атаулары жоқ:
      1) N 1 көшесіне – Мүсіртау;
      2) N 2 көшесіне – Латыпов Қарағұл;
      3) N 3 көшесіне – Жаманағаш;
      4) N 4 көшесіне – Нұрпейс Байғанин;
      5) N 5 көшесіне – Қален Тұрдалин;
      6) N 6 көшесіне – Төсбұлақ;
      7) N 7 көшесіне – Жасыл;
      8) N 8 көшесіне – Мектеп;
      9) N 9 көшесіне – Рауан деген атаулар берілсін.
       2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа еңгізіледі.

      Ақсай селолық округінің әкімі        А.Әмір