Алтықарасу, Еңбекші, Сартоғай ауылдарының көшелерін атау туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу селолық округі әкімінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 5 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 30 маусымда N 3-10-82 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтар N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 35 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес Алтықарасу, Еңбекші, Сартоғай халқының пікірін ескере отырып Алтықарасу селолық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Алтықарасу селосының атаулары жоқ
      N 1 көшеге Қызыл керуен
      N 2 көшеге С. Аманғосов
      N 3 көшеге Қарабас
      N 4 көшеге Астана
      N 5 көшеге Қарағанды
      N 6 көшеге Тасқабақ

      Еңбекші ауылының атаулары жоқ
      N 1 көшеге Еңбекші
      N 2 көшеге Шығырлы
      N 3 көшеге Шилітоғай
      N 4 көшеге Қаракемер

      Сартоғай ауылының атаулары жоқ
      N 1 көшеге Нұрлепес ата
      N 2 көшеге Мектеп
      N 3 көшеге Абай деген атаулар берілсін.
       2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он тізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Алтықарасу селолық округі әкімі:        Е.Төлеуов