Жұрын ауылдық округінің № 53 Талдысай разъезінің көшесіне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 2008 жылғы 20 қарашадағы N 16 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қарашада N 3-9-79 тіркелді. Шешімнің атау жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 7 шешімімен

Жаңартылған
      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аульного" сөзі тиісінше "сельского" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 05.12.2014 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 05.12.2014 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атау жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 09.02.2015 № 7 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жұрын ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, N 53 Талдысай разъезінің негізгі көшесіне "Теміржолшылар" атауы берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 09.02.2015 № 7 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Теміржолшылар" көшесіне № 53 Талдысай разъезінде орналасқан барлық үйлер жатады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 09.02.2015 № 7 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 09.02.2015 № 7 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Жұрын ауылдық округінің әкімі: Қ. Ешауов