Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жаркемер ауылына көше атауын беру туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімінің 2008 жылғы 17 қарашадағы N 10 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қарашада N 3-9-74 тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 каңтардагы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Жаркемер ауылы тұрғындардың конференциясының және 2008 жылғы 3 қарашадағы Мұғалжар аудандық ономастика комиссия отырысының N 4 хаттамасының шешімінің басшылыққа ала отырып Батпақкөл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімінің 21.10.2016 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Жаркемер ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Жаркемер ауылындағы негізгі көшесне атау берілсін.
      2."Жем" көшесі атауы Жем өзенінің халыққа көп қолайлы, пайдалы екендігін ескеріліп, осы ауыл Жем өзенінің бойында орналасқандықтан берілді.
      3. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енедеі және алғашкы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Батпақкөл ауылдық
      округі әкімі: Ж.С. Алданиязов