Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Саға, Қожасай ауылдарына көше атауын қайта атау туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 9 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 4 тамызда N 3-9-69 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына, Саға, Қожасай ауылы тұрғындарының конференциясының және 2008 жылғы 12 маусымдағы аудандық ономастика комиссия отырысының N 3 хаттамасының шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарын басшылыққа ала отырып Батпақкөл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Саға ауылындағы негізгі көшеге Саға атауы берілсін.
      2. Қожасай ауылындағы негізгі көшеге Тәуелсіздік атауы берілсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа он күнтізбелік күнінен кейін енгізіледі.

      Батпақкөл ауылдық
      округі әкімі:                           Ж. Алданиязов