Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 27 желтоқсандағы «Мәртөк ауданының елді мекендеріндегі үй жануарларын ұстау Қағидасын бекіту туралы» № 232 (тіркеу № 3-8-31 2007 жылғы 12.01., 2007 жылғы 14.02. № 7 аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімімен бекітілген Мәртөк ауданының елді мекендеріндегі үй жануарларын ұстау Қағидасына 7 тармағы мынадай мазмұндағы 7 тармақшамен толықтырылсын:
«7) аудандағы елді мекендерінде ауылшаруашылық жануарлар мен құстарды жаюға тыйым салынады. Ауылшаруашылық жануарлар жазғы мезгілде арнайы бөліп берілген жайылымдарда бақтырылсын».
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтезбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А.Шек А.Смағұлов