Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-III ҚРЗ «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 4 тармағына және 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ҚРЗ «Білім беру туралы» Заңының 53 бабының 2 тармағына 1 тармақшасына
сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда 25 пайызға (%) жоғары айлықақысы белгіленсін.
2. 2008 жылғы 25.03. № 04-1/998 Мәртөк аудандық әділет
басқармасының ұсынысы бойынша 2007 жылғы 13.12. № 17 «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына үстемақы белгіленуі туралы» шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғашкы рет ресми жарияланғаннан кейін он
күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
А.Шек А.Смағұлов