Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2009.01.21 № 22 Қаулысымен.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оңалту және олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер беруге бағытталған, еңбек қызметі түрін еркін таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткізуі мен тең құқығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31, 37 баптарын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының 7 бабы 5-2, 5-3 тармақтарын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" N 39 Заңының 11, 31 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданы бойынша мекемелер мен кәсіпорындарға жалпы жұмыс орындарын мүгедектер үшін үш пайыз мөлшерінде жұмыс орнындары қосымшаға сәйкес бекітілсін (қоса жалғанды).
2. Аудан бойынша мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Я. Назаровқа және келісім бойынша қосымшаға сәйкес үлесі белгіленген мекеме басшыларына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Жиеналинге жүктелсін.
Аудан әкімі: С. Ботағарин
N 1 қосымша
Қобда ауданы Әкімдігінің
2008 жылғы 1 сәуірдегі
N 67 қаулысымен бекітілген
Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орнының үлесін белгілейтін мекемелер ТІЗІМІ
N | Мекемелер атауы | Жұмысшылар саны | Жұмыс орнының саны (3%) | Ескерту |
---|---|---|---|---|
1 |
Қобда орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі |
21 |
1 |
|
2 |
Қобда аудандық білім бөлімі |
929 |
10 |
|
3 |
Қобда аудандық орталық ауруханасы |
291 |
6 |
|
Барлығы: |
20 |