Маржанбұлақ ауылдық округіне карасты елді мекендерге көше атауын беру туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округ әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 22 қаңтарда N 3-3-69 тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіндегі "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімінің 24.12.2015 № 388 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ҚР-ның 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 35-бабының 2-тармағына, ҚР-ның 1993 жылғы 8-желтоқсандағы № 4200 "ҚР-ның әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" заңының 14 бабының 4 тармақшасына, сондай-ақ Маржанбұлақ ауылдық округі елді мекен елді мекендері: Маржанбұлақ, Қайындысай, Қарағандысай тұрғындар өкілдерінің жиын хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН":
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімінің 24.12.2015 № 388 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Маржанбұлақ ауылдық округіне қарасты төмендегі елді мекендерге көше атаулары берілсін:
      Маржанбұлақ елді мекенінде:
      № 1.Абай Құнанбаев
      № 2.Шернияз
      № З.Б.Момышұлы
      № 4.Ә.Жангелдин
      № 5.Д.Қонаев
      № 6.Мектеп
      № 7.Ы.Алтынсарин
      № 8.Ақтөбе
      № 9.Ж.Жабаев
      № 10.А.Иманов
      № 11.Достық тұйығы
      № 12.Үлан тұйығы
      № 13.Әбілхайыр хан
      № 14.Ә.Молдағұлова
      № 15.Ш.Берсиев
      № 16.Ж.Кереев
      № 17.Желтоқсан
      № 18.Н.Байғанин
      № 19.Есет Батыр Көкіұлы
      № 20.А.Байтұрсынов
      № 21.Қобланды батыр
      № 22.Тәуелсіздік
      № 23.Диханшылар
      № 24.Құрылысшылар
      № 25.Ш.Қалдаяқов
      № 26.Айтеке би
      № 27.М.Маметова
      № 28.Сәнкібай батыр
      № 29.Мөңке би
      Қайындысай елді мекенінде:
      № 1.Ы.Алтынсарин
      № 2.Маржанбұлақ
      № 3.Бейбітшілік
      № 4.М.Оспанов
      № 5.Акыраб
      Қарағандысай елді мекенінде:
      № 1.М.Ауезов
      № 2.Төле би
      № 3.Т.Рысқұлов
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі Алдияров Н.С.