Көшелерді қайта атау туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Үшқатты селолық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 04 шілдеде N 3-2-49 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына сәйкес Үшқатты селолық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Үшқатты селолық округі халқының пікірін ескере отырып Үшқатты селосының кейбір көшелері қайта аталсын.

      1) Советская көшесі – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан мемлекет қайраткері Әйтеке би есімімен;
      2) Ленин көшесі – ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор қазақ деген халықты әлемге тант еткен адам.Қазақтың біртуар ұлы Абай есімімен;
      3) Мира көшесі – 1986 жылы желтоқсан айы Тәуелсіздік алу үшін алғашқы қадам – Желтоқсан көшесі
      4) Автобазовская – Қазақстан мен орта Азияда азамат соғысына белсене қатысушы, мемлекет қайраткері. Торғайда шығатын "Қазақ мұңы" газетінде істеген. Біздің жерлесіміз, ең алғашқы – ғылым Академигі – Темірбек Жүргенов есімімен;
      5) Привокзальная – Үшқатты селосының негізінде ең тұңғыш мекемесі – Теміржолшылар.
      6) Молодежная – 1991 жылы көше жаңадан құрылысын бастаған жас құрылысшылар – Жастар есімімен;
      7) Амангелды көшесі – халық батыры Амангелді Иманов есімімен.

      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үшқатты селолық округ әкімі:      Б.Ж.Алдабергенов