Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына сәйкес Комсомол селолық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Комсомол селосындағы жаңадан салынған көшелер тұрғындарының пікірін ескере отырып сызба-картаға сәйкес төмендегі мазмұнда көше атаулары берілсін:
1.1. "Алтын дән"
1.2. "Ақбұлақ"
1.3. "Тыңдала"
1.4. "Достық"
1.5. "Болашақ"
1.6. "Ақ дала"
1.7. "Армандастар"
1.8. "Сарыарқа"
1.9. "М.Тынышбаев"
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Комсомол селолық округі Әкімі: М.Сатимов