"Тіркелген жиынтық салық мөлшерін белгілеу туралы" 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 303 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 112 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қаңтарда N 3-1-102 тіркелді

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы N 99 - IV Кодексінің 422 бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 , 7 баптарына, "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 - ІІІ Заңының 11 бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтөбе қаласы бойынша әділет басқармасында 2007 жылы 17 қаңтарда N 3-1-66 санымен тіркелген, "Тіркелген жиынтык салық мөлшерін белгілеу туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 303 шешімінің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы".

      2. Қосымшаға сәйкес көрсетілген шешімінің қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бастығы Қ.М. Исақовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы       С. Есембаев

      Мәслихат хатшысы      С. Шынтасова
 

Ақтөбе қалалық мәслихатының  
2008 жылғы 22 желтоқсандағы  
кезекті он төртінші сессиясының
N 112 шешіміне қосымша     

Тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері

р/с
N

Салық салынатын объектілер

Ставкалар
(айлық есептік көрсеткіштерде)

1

Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

2,5

2

Бірнеше ойншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

7,5

3

Ойын жүргізу үшін қолданатын жеке компьютер

2,5

4

Ойын жолы (боулинг бойынша)

41,5

5

Картинг бойынша

8

6

Бильярд бойынша

20,5

       Ескерту: Тіркелген салықтың базалық ставкалары мөлшері бірлік аумағында бір айлық салық салу объектісіне белгіленді.